Ақынға арналған цифрлық платформа · 1922–1993

Сырбай Мәуленов

Өлең. Өмір. Өрнек.

Қазақтың халық жазушысы, майдангер ақын Сырбай Мәуленовтің өмірі, мұрасы мен жәдігерлеріне арналған цифрлық платформа. Астанадағы №37 мектеп-лицейдің әдеби музейі негізінде жасалды: тақырыптық бұрыштар, өмір жолының хроникасы, оқушы жобалары мен «Сырбай мұрасы» байқауы — бәрі бір жерде.

Сырбай Мәуленовтің портреті
Сырбай Мәуленов Қазақстанның халық жазушысы
КӨР

Музей

Тақырыптық бұрыштар, түпнұсқа жәдігерлер және виртуалды экскурсия.

Музейге кіру →
ЗЕРТТЕ

Сырбайтану

Ақын шығармалары, оқушы жобалары, оқырмандық жоба және ғылыми жұмыстар.

Сырбайтануды бастау →
ЖАСА

Оқушы жобалары

Оқушылар ақын шығармаларын жасанды интеллект құралдарымен насихаттайды.

Жобаларды көру →
Сырбай туралы

Ақынның тұлғасы мен өмір жолы

Өмір жолының интерактивті хроникасы, ғұмырнама және замандастарының естеліктері.

Ақынның өмір жолы

1922

Дүниеге келуі

Сыр бойы

17 қыркүйекте Сыр бойында, қара жаңбыр құйып тұрған күз таңында дүниеге келді. Отбасы сол жылы Торғайдан Сыр бойына көшіп келген, сондықтан «Сыр бойында туды» деп Сырбай атаған. Әкесі — Мәулен, анасы — Алмагүл. Тайпасы арғын, руы Аю.

1923–1932

Балалық шағы

Торғай

1923 жылы отбасы қайтадан Торғай даласына көшті, 1932 жылы Сырға оралды. Жасөспірім шағы Қызылорданың құшағында өтті. Халықтың ақынды біресе Сырдікі, біресе Қырдікі деуі осыдан.

1937

Тұңғыш өлеңі

Жамбыл облысы

Алғашқы өлеңі Жамбыл облысының «Колхозшы» газетінде жарияланды. Ақындық жолдың басы.

1941–1945

Ұлы Отан соғысы

Ленинград

Соғысқа қатысып, Ленинград қаласын қорғауға ерлікпен қатысты. Ауыр жараланды, 1-дәрежелі мүгедек болып оралды. Осы кезең жырларына мәңгілік із қалдырды.

1943–1950

«Большевиктік жол»

Қостанай

Қостанай облысында радиокомитет пен «Большевиктік жол» газетінде редактор, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болды. Әдебиет майданының басы.

1948

Алғашқы жинағы

Алматы

«Өлеңдері» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. Кейін ақын қырыққа жуық жинақтың авторы атанды.

1955–1977

Бас редактор

Алматы

«Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды. Қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға зор үлес қосты.

1970

Мемлекеттік сыйлық

Алматы

Абай атындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. «Қызыл Ту», «Халықтар Достығы», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталды.

1993

Ақынның қазасы

Алматы

Ақын дүниеден өтті. Артында бай әдеби мұра — жырлар, поэмалар, аудармалар мен балаларға арналған шығармалар қалды.

2017

Музейдің ашылуы

Астана

Астанадағы №37 мектеп-лицейде (2003 жылдан ақын есімін иеленген) Сырбай Мәуленов әдеби музейі ашылды. Ақын мұрасы жаңа буынға жол тартты.

Ленинградтан Астанаға дейінгі жол Сыр бойыТорғайЖамбыл облысыЛенинградҚостанайАлматыАлматыАлматыАлматыАстана
Нүктені таңда

Ақынның ізімен

Картадағы нүктені бассаң, ақын өмірінің сол кезеңі мен орны туралы оқисың. Сыр бойында туып, Ленинградты қорғап, Алматыда еңбек етіп, мұрасы Астанаға жетті.

Нүктелер: Сыр бойы · Торғай · Ленинград · Қостанай · Алматы · Астана
Мұрағат

Бейне, дыбыс және мақалалар

Ақынның өз даусы жазылған телехабарлар, замандастарының естеліктері және өмірбаяны туралы мақалалар. Барлығы ашық дереккөздерде — түпнұсқаға тікелей сілтейміз.

Шығармашылық

Ақынның шығармалары

Сырбай Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинағының авторы. Толық мәтіндер Қазақстанның ресми әдеби порталында — Adebiportal.kz-те заңды түрде оқуға қолжетімді.

Adebiportal.kz · ресми әдеби портал

Сырбай Мәуленовтің әдеби мұрасы

Ақынның өмірбаяны, кітаптары мен өлеңдері «QazContent» АҚ жүргізетін ресми порталда сақталған. Толық мәтінді осы жерден оқыңыз — біз авторлық құқықты сақтап, тікелей түпнұсқаға сілтейміз.

Сырбайтану · ғылыми-танымдық орталық

Зерттеу. Талдау. Дәлелдеу. Жасау. Таныстыру.

Сырбайтану — ақын мұрасын зерттейтін және оқушыны зерттеуші әрі цифрлық өнім жасаушы ретінде дамытатын орталық. Мұнда ақынның шығармалары, «Адал азамат» бағыттары, оқушы жобалары, жылдық оқырмандық жоба және ғылыми жұмыстар жинақталған.

Адал азамат

Тәрбиенің алты бағыты бойынша ақын өлеңдері

Сырбай Мәуленовтің өлеңдері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының алты бағытына топтастырылған. Бағыттың логотипін басып, сол бағытқа жинақталған өлеңдер тізімін ашыңыз. Әр өлең Adebiportal.kz-тегі толық мәтінге сілтейді.

Алты бағыттың толық кестесін ашу →

Жасалған цифрлық өнімдер

Ойынға жатпайтын ЖИ жобалары: сториборд, комикс, мультфильм, бейнебаян, жарнама және өзге де өнімдер. Жобалар түрі бойынша топтастырылған.

Жобалар жүктелуде…

ЖИ — құрал, ал мазмұн мен шешімді оқушы жасайдыОқушы сұрақты өзі талдайды, ойынға бейімдейді және түпкілікті нұсқаны өзі бекітеді. ЖИ тек құрастыруға көмектеседі.
Ерекше бөлім

Ғылыми жұмыстар

Сырбай Мәуленов мұрасын зерттеу нәтижелері. Зерттеу → талдау → дәлелдеу → жариялау.

Оқушының зерттеу жұмыстарыҒылыми жобаларЗерттеу мақалаларыМектепішілік зерттеулерСырбайтану материалдарыКонференция материалдарыПрезентацияларЦифрлық зерттеу өнімдеріАрхивтік материалдарМультимедиа
Виртуалды экскурсия

Виртуалды музей

Музей залдары бойынша қысқа бейнеэкскурсия. Бейне дыбыссыз ойнайды.

Мектептегі әдеби музей

Музей: көру, оқу, зерттеу, ойнау

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейдің әдеби музейі екі бағытта жұмыс істейді: мұғалім жүргізетін «Жанды сабақ» және оқушылардан құралған жолбасшылар жүргізетін «Жас музейші».

Музей сабағы

40 минуттық музей сабағы

Негізгі қағида: оқушы бір сабақта барлық бұрышты аралмайды. Бір сабақ — бір тақырыптық бұрыш. Оқушы бір бұрышты таңдап, сол бұрышпен терең жұмыс істейді. Тапсырманың күрделілігі жас деңгейіне қарай өзгереді.

1Музейге кіру→ 2Бір бұрышты таңдау→ 3Жолнұсқаулық алу→ 4Жәдігерді зерттеу→ 5Тапсырма орындау→ 6Қорытынды
Басып шығаруға дайын оқу құралы

Жұмыс дәптерлері

Үш білім беру деңгейіне арналған жұмыс дәптері — музей сабағының практикалық құралы. Әрқайсысын онлайн ашуға немесе PDF-ін жүктеп, басып шығаруға болады.

Бастауыш білім беру деңгейі · 3–4 сынып
Тап→Таны→Жаз

«Алақай! Музейде балақай»

Музейдің тақырыптық бұрыштарын жас ерекшелігіне сай танып, жәдігерлерді бақылау, салыстыру, сәйкестендіру, қарапайым сұрақтарға жауап беру және шығармашылық тапсырмалар орындау.

Сырбайтану тапсырмалар дәптері · 21 бет
Негізгі орта білім беру деңгейі · 5–9 сынып
Ойна→Ойла→Біл

«Сырбай әлемі»

10–11 сынып оқушылары жасаған цифрлық викториналық ойындар арқылы Сырбай Мәуленов шығармаларындағы құндылықтарды тануға, шығарманың тақырыбы мен идеясын түсінуге және әдеби талдау жасауға бағытталған.

НЕГІЗГІ ЖҰМЫСОйынды таңда → Ойна → Ойлан → Талда → Қорытынды жаса
Негізгі орта білім беру деңгейінің жұмыс дәптері · 10 бет
Жалпы орта білім беру деңгейі · 10–11 сынып
Зертте→Жаса→Ұсын

«Зерттеуші емес — мазмұн жасаушы»

Сырбай Мәуленов шығармалары негізінде 5–9 сынып оқушыларына арналған бірнеше деңгейлі викториналық ойындар құрастыруға арналған дәптер.

НЕГІЗГІ МОДЕЛЬБір шығарма → Бір құндылық → Бір ЖИ құралы → Бірнеше деңгейлі ойын → 5–9 сынып оқушылары
Жалпы орта білім беру деңгейінің жұмыс дәптері · 13 бет
Негізгі орта білім беру деңгейі · 5–9 сынып · Ойнайды

Сабақта ойналатын ойындар

Ойындарды 10–11 сынып оқушылары ЖИ құралдарына мектеп аккаунты арқылы кіріп әзірлейді. Бір шығарма — бір ойын: әр ойын Сырбай Мәуленовтің белгілі бір шығармасы бойынша жасалады. Ойынды ойнаған оқушы шығарманың атын, мазмұнын, құндылығын және теориялық мәліметтерін (жанр, ұйқас, көркемдік құралдар) біледі.

Ойындар жүктелуде…

Барлық ойындарды ашуӘдебиет теориясы ойындары

ЖИ құралдарын пайдалану ережесіТек осы төрт құрал қолданылады. ЖИ — көмекші құрал: қорытынды мазмұн мен тексеру оқушыда қалады. Өмірбаяндық деректер мен дәйексөздер мұрағат дереккөзімен салыстырылады. Ақын өлеңдері мен бейнесі мағынасы бұрмаланбай қолданылады. Әр жұмыста ЖИ құралының атауы көрсетіледі. ЖИ құралдарына оқушы мектеп аккаунты арқылы кіреді, жеке деректер енгізілмейді.
Жалпы орта білім беру деңгейі · 10–11 сынып

ЖИ құралын таңдау

10–11 сынып оқушылары жұмыс түріне қарай бес құралдың бірін таңдайды.

Сұрақтар мына негізде құрастырылады:
Жәдігерді зерттеуСалыстыру мен талдауӘдеби-теориялық ұғымдарШығармашылық тапсырмаларРефлексияБұрыш бойынша негізгі ақпарат
GPT

ChatGPT

Не үшінСұрақтар мен тапсырма мәтіндерін жазу, редакциялау.
Қандай өнімЖоспар, сұрақ-жауап, мәтін.
Толығырақ →
G

Gemini

Не үшінАқпарат іздеу, мәтін мен суретті талдау.
Қандай өнімТалдау, анықтама, сурет сипаттамасы.
Толығырақ →
Vi

Google Vids

Не үшінСурет, бейне үзінді, дауыс жазбасы мен мәтіннен бейнебаян құрастыру.
Қандай өнімҚысқа бейнебаян, ролик.
Толығырақ →
♪

Suno AI

Не үшінСырбай өлеңдеріне ән жасау.
Қандай өнімӘн, саундтрек.
Толығырақ →

Higgsfield AI мен Google Flow 18 жастан бастап қолжетімді, сондықтан оларды мұғалім ғана пайдаланады: оқушылар идея мен сценарий ұсынады, ЖИ-бейнені мұғалім жасап, сабақта үлгі ретінде көрсетеді.

Жұмыс алгоритмі
5–9 жолнұсқаулығы→Сұрақтарды талдау→ЖИ қосымшасын таңдау→Ойын құрастыру→Тексеру→5–9 ойнауы→Кері байланыс
Оқушылар жүргізетін бағыт

Жас музейші

Музейдің тоғыз тақырыптық бұрышын оқушылардан құралған жолбасшылар меңгереді. Олар «Жұлдызды жолбасшы» байқауы аясында үлкен қоңырауда келушілерге бұрыштарды таныстырады.

1

Тақырыптық бұрыштар

Виртуалды музей · 9 бұрыш

Мектептегі әдеби музейдің виртуалды кеңістігі. Әр бұрышта түпнұсқа жәдігерлер, тарихи-әдеби контекст және дереккөз көрсетілген. Бұрышқа кіру үшін карточканы басыңыз.

Байқау мектеп музейінде ұйымдастырылады. Сыныптар құрылған кесте бойынша үлкен қоңырауда музейге келеді. Оларды музейдегі жолбасшылар қарсы алып, 10–15 минут ішінде барлық тақырыптық бұрыштарды таныстырып шығады.

Мақсаты
  • Үлкен қоңырауды тиімді ұйымдастыру
  • Сырбайды мектепішінде насихаттау
  • Оқушыларға кәсіптік бағдар беру
Бағалау және ротация
  • Келушілер стикер жапсыру арқылы бағалайды
  • Әр тоқсан сайын байқау жеңімпазы анықталады
  • Келесі тоқсанда байқауды басқа жолбасшылар өткізеді
1 · Қызығушылық ояту2 · Негізгі идея3 · 2–3 жәдігер4 · Қызықты сұрақ5 · Қысқа интерактив6 · Қорытынды
Байқау · Астана дарыны

Қалалық «Сырбай мұрасы» байқауы

Майдангер-ақын Сырбай Мәуленовтің әдеби, азаматтық және рухани мұрасын дәріптеуге арналған қалалық байқау. «Астана дарыны» орталығы мен №37 мектеп-лицей ұйымдастырады.

Өтетін күні
30 қыркүйек, 2026Басталуы: 09:00
Қатысушылар
5–10 сыныпӘр номинацияға 1 оқушы
Тіркеу мерзімі
21 қыркүйексағ. 08:00-ге дейін
Өтетін орны
№37 мектеп-лицейКүйші Дина, 44/3
Төрт номинация

Өзара қайталанбайтын бағыттар

Қатысушылар ақынның табиғат/туған жер немесе майдан тақырыбындағы өлеңдерінің бірін жатқа, мәнерлеп оқиды. Сахналық костюм мен визуалды фон қолдануға болады.

Техникалық регламент
  • Орындау уақыты: 2–3 минутқа дейін
  • Жанды дауыста, анық дикциямен (фонограммаға жазылған дауысқа рұқсат жоқ)
  • Визуалды фон USB флешкада алдын ала жіберіледі
Бағалау критерийлері
  • Мәтінді жатқа білу мен дикция 5 балл
  • Дауыс ырғағы мен эмоция 5 балл
  • Мазмұнды түсінуі 5 балл
  • Сахналық мәдениет пен актёрлік шеберлік 5 балл

Ақынның белгілі бір өлеңі немесе поэмасына жасанды интеллект (ChatGPT, Gemini, Google Vids, Suno AI) құралдарымен 3–4 кадрлы цифрлық комикс немесе иллюстрациялық арт-альбом дайындау.

Техникалық талаптар
  • Кадр пішімі: 16:9 (альбомдық)
  • Көлемі: 3–4 кадр
  • Формат: PDF немесе PNG/JPEG, USB флешкада
  • Промпттар (сұраныстар) жеке парақта көрсетілуі тиіс
  • Суреттер толықтай ЖИ арқылы жасалуы шарт
Бағалау критерийлері
  • Идеялық сәйкестік 5 балл
  • Промпт құрастыру шеберлігі 5 балл
  • Көркемдік сапа мен композиция 5 балл
  • Креативтілік пен қорғау шеберлігі 5 балл

Қатысушылар жеребе бойынша таңдалған тақырыпта, 60 минут ішінде Сырбай поэзиясы стилінде авторлық өлең (толғау/арнау) жазып, сахнада мәнерлеп оқып береді. Өлең арнайы мөр басылған бланкіге жазылады.

Тәртіп пен регламент
  • Өлең жазу уақыты: 60 минут
  • Сахнада оқу: 2–3 минут
  • Байланыс құралдары мен шпаргалкаға тыйым
  • Тек өлең (поэзия) форматы қабылданады
Бағалау критерийлері
  • Ақындық шеберлік пен поэтикалық тіл 5 балл
  • Тақырыпты ашу тереңдігі 5 балл
  • Дербестік пен экспромт сапасы 5 балл
  • Сырбай поэзиясымен үндестігі 5 балл

Ақынның өлеңін немесе шығармашылығынан үзіндіні заманауи визуалды тәсілмен ашатын 60 секундқа дейінгі Reel/Shorts ролигін түсіру. Жұмыс Instagram немесе YouTube-қа #СырбайМұрасы2026 хэштегімен жарияланады.

Техникалық талаптар
  • Формат: 9:16 (вертикаль)
  • Кеңейтім: MP4 немесе MOV
  • Сапа: Full HD (1080×1920) немесе 4K
  • Хронометраж: 15–60 секунд
  • Аккаунт ашық (публичный) болуы шарт
Бағалау критерийлері
  • Сценарий мен идея ерекшелігі 5 балл
  • Ақын шығармасын заманауи ашуы 5 балл
  • Режиссура мен монтаж сапасы 5 балл
  • Виралдылық көрсеткіші 5 балл
Қалай қатысамын?

Төрт қадам

1

Номинацияңды таңда: көркемсөз, ЖИ-комикс, толғау немесе Reels.

2

Талаптарды оқып, жұмысыңды дайында.

3

Ресми форма арқылы 21 қыркүйек 08:00-ге дейін тіркел.

4

Қазылар алқасы бағалайды, жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталады.

Онлайн өтінім

Ресми тіркеу — Google форма арқылы. Төмендегі өрістерді толтырып, WhatsApp арқылы да жіберуге болады.
Ресми Google формасын толтыру
Reels номинациясы бойынша жұмыс #СырбайМұрасы2026 хэштегімен жарияланады. Көркемсөз визуалды фоны 28 қыркүйекке дейін syrbay.maulenov@mail.ru-ге жіберіледі.
Байқау · Аймақтық конференция

«Сырбай мұрасы – заман үні» байқауы

«Сырбай мұрасы – заман үні» аймақтық конференциясы аясындағы байқау. Қатысушылар төрт секцияның бірін таңдап, өз тақырыбымен өтінім береді.

Деңгейі
Аймақтықконференция аясында
Бағыттар
4 секциябіреуін таңдайсыз
Тіркеу
Google формаонлайн өтінім
Өтінімде
Мекеме, тақырыпаты-жөні, лауазымы, байланыс
Төрт секция

Қатысатын секцияны таңдаңыз

1
«Сырбай поэзиясы және Жасанды Интеллект»Ақын поэзиясын жасанды интеллект құралдарымен оқыту мен насихаттау тәжірибесі.
2
«Ақын және заман»Пәнаралық әдістемелік кейс немесе жоба.
3
«Сырбайға арнау»Арнау-толғау бағыты: ақынға арналған авторлық өлең.
4
«Мәңгілік жыр»Интерактивті сайт немесе мобильді қосымша макеті.

Онлайн өтінім

Тіркелу Google форма арқылы жүреді. Формада мекеме атауы, қатысушының аты-жөні, ЖСН, жұмыс орны, лауазымы, секция, тақырып және байланыс телефоны көрсетіледі.
Байқауға тіркелу — Google форма
Медиа

Фото, видео, жаңалықтар

Мектеп пен музейдің ресми арналары. Тірі жаңалықтар мен іс-шаралар осы желілерде жарияланады.

Мектеп

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей

Астана қаласындағы мектеп-лицей ақынның есімін иеленеді. 2026 жылы мектепте Сырбай Мәуленовтің 103 жылдығы аталып өтті.

  • МекенжайАстана, Күйші Дина көшесі, 44/3
  • Қабылдау8 (7172) 50-16-85
  • Эл. пошта37mektep-ns@edu.kz
Сырбаймен сырласу

Қонжықтан сұра

Қонжық — музейдің бойтұмары әрі жолнұсқаушысы. Ол ақынның өмірі, жәдігерлер мен музей бұрыштары туралы білгенін айтады.

🧸

Сәлем! Мен — Қонжық

Ақынның руы аю болғандықтан, мен музейдің сүйікті ойыншығы, әрі жолнұсқаушысымын. Сырбай Мәуленов, оның өлеңдері мен жәдігерлер туралы сұрай бер!

Ескерту: Қонжық тек музей деректеріне сүйенеді. Егер бірдеңе анық болмаса, ол ойдан шығармай, «оны музейден көруге болады» дейді.
Сәлемдесу! Мен — Қонжық, музейдің бойтұмарымын. 🐻 Сырбай Мәуленов туралы не білгің келеді?
Қонжық жасанды интеллект көмегімен жауап береді. Шешімді адам қабылдайды — ЖИ тек көмектеседі.