Мектептегі

«Сырбай Мәуленов
әдеби музейі»

Сырбайтану

Зертте
Жаса · Ұсын

Жалпы орта білім · 10–11 сынып

Зертте→ Жаса→ Ұсын

Сен зерттеуші ғана емессің — мазмұн жасаушысың.

Құрастырушы: Б.Б. Байқас

Оқушының аты-жөні
Сыныбы
Оқу жылы
🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі · © Б. Б. Байқас, авторлық құқық куәлігі № 79904
Бағдар

Менің жобалау жолым

Бұл дәптерде сен Сырбай Мәуленов шығармасын зерттеп, соның негізінде 5–9 сынып оқушыларына арналған цифрлық өнім жасайсың. Үш қадам — үш түс.

Қадам 1

Зертте

Шығарманы таңда, ондағы құндылықты тап және «Адал азамат» бағдарламасының қай тәрбие бағытына жататынын анықта.

Шығарманы таңдаҚұндылықты анықтаТәрбие бағытын белгілеДереккөзді тексер
↓
Қадам 2

Жаса

Екі трек бар: викториналық ойын құрастыру немесе көрнекі цифрлық өнім жасау. ЖИ — көмекші құрал, шешімді сен қабылдайсың.

Трек таңдаЖИ құралын таңдаӨнім жасаТексер және түзет
↓
Қадам 3

Ұсын

Жұмысыңды 5–9 сынып оқушыларына сынақтан өткіз, кері байланыс жина және музей сайтына орналастыр.

Сынақтан өткізКері байланыс жинаЖетілдірСайтқа орналастыр

Басты қағида: ЖИ — дайын өнім емес, шығармашылық құрал. Негізгі идеяны, мазмұнды және шешімді сен жасайсың.

🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі2 / 13
1
Зертте · 1-қадам

Шығарма мен құндылық

Сырбай Мәуленовтің бір шығармасын таңда. Толық мәтінді Adebiportal.kz сайтынан оқы. Содан кейін ондағы адами құндылықты анықта.

Таңдаған шығармам
Жанры
Жарияланған жылы
Дереккөз (сілтеме)

Шығарманың мазмұны

Шығарма не туралы? Негізгі ойы қандай?

Мен тапқан құндылық:

Мәтіннен дәлел (үзінді немесе жол):

«Адал азамат» тәрбие бағыты

Тапқан құндылығың алты бағыттың қайсысына жатады? Біреуін белгіле.

🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі3 / 13
2
Зертте · 2-қадам

ЖИ көмегімен зерттеу

Идея іздеу мен зерттеуге ЖИ көмектеседі. Бірақ есте ұста: ЖИ жаңылысады. Әр дерек тексеруден өтуі тиіс.

Идея-зерттеу құралдары
ChatGPT
Gemini
Мен таңдаған ЖИ құралы

ЖИ-ге қойған сұрағым (промпт):

Тексеру — ең маңызды қадам

ЖИ берген қай дерек күмән тудырды?

Оны қалай тексердім? (қай дереккөзден)

Не түзеттім немесе алып тастадым?

ЖИ жылды, атты, дәйексөзді ойдан шығарып жіберуі мүмкін. Шығарма мәтінін әрқашан Adebiportal.kz сайтынан салыстырып тексер.

🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі4 / 13
3
Зертте · 3-қадам

ЖИ құралдары

Сырбайтану жұмыстарында тек осы төрт ЖИ құралы қолданылады. Әр құралдың бағытын біліп, жұмысыңа қолайлысын таңда.

Қолданылатын ЖИ құралдары
ChatGPT
Gemini
Google Vids
Suno AI
ЖИ құралдарын пайдалану ережесі
  1. Тек осы төрт құрал қолданылады; басқа құрал үшін мұғалімнің келісімі керек.
  2. ЖИ — көмекші құрал: қорытынды мазмұн мен тексеру оқушыда қалады.
  3. Өмірбаяндық деректер мен дәйексөздер мұрағатпен салыстырылып тексеріледі.
  4. Ақын өлеңдері мен бейнесі мағынасы бұрмаланбай қолданылады.
  5. Әр жұмыста қолданылған ЖИ құралының атауы көрсетіледі.
  6. ЖИ құралдарына оқушы мектеп аккаунты арқылы кіреді, жеке деректер енгізілмейді.
Мен таңдаған ЖИ құралы

Бұл құрал қай жұмысқа көмектесті?

🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі5 / 13
4
Жаса · 3-қадам

Трегіңді таңда

Зерттеу аяқталды. Енді сол шығарманы кіші сыныптарға қалай жеткізетініңді шеш. Екі жол бар — біреуін таңда.

1

Ойын жаса

бір шығарма → бір құндылық → бір ЖИ қосымшасы → бір ойын

  • Бес деңгейлі викторина құрастырасың
  • Сұрақтарды өзің жазып, тексересің
  • 5–9 сынып оқушылары ойнайды
  • Нәтижесі — сілтемесі бар дайын ойын
Осы тректі таңдаймын
2

Көрнекі өнім жаса

бір шығарма → бір идея → бір цифрлық өнім

  • Ән, бейне, комикс, сториборд жасайсың
  • Шығарманың көркем әлемін көрсетесің
  • 5–9 сынып оқушылары көреді, тыңдайды
  • Нәтижесі — QR-код арқылы ашылатын өнім
Осы тректі таңдаймын

Мақсатымды анықтаймын

5–9 сынып оқушысы менің жұмысымнан нені үйренеді? (бір сөйлеммен)

Неліктен дәл осы форматты таңдадым?

Екі трек те бірдей құнды. Таңдауда өз күшіңе сүйен: жазуды ұнатсаң — ойын, көркем іске бейім болсаң — цифрлық өнім.

🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі6 / 13
5
1-трек

Викториналық ойын құрастыру

Құралдар
ChatGPT
Gemini
Google Vids
Suno AI

Ойынның бес деңгейі

Әр деңгейге кемінде екі сұрақ жаз. Сұрақтар жеңілден күрделіге қарай өссін.

1-деңгей
ТАНЫ

Автор, кейіпкер, негізгі дерек

2-деңгей
ТАП

Мәтіннен үзінді, дерек іздеу

3-деңгей
САЛЫСТЫР

Екі кейіпкер, кезең, шығарма

4-деңгей
ОЙЛАН

Себеп-салдар, астарлы мағына

5-деңгей
ДӘЛЕЛДЕ

Өз пікірін мәтінмен негіздеу

Платформа
Ойын атауы
Ойын сілтемесі

Сұрақтарымды тексеремін

Ойынымды жариялаймын

  1. Құралда өз атыңа тегін аккаунт ашып, ойыныңның мазмұнын дайында.
  2. «Бөлісу» (Share) батырмасымен ойынды жария етіп, сілтемесін мұғалімге жібер.
  3. Мұғалім тексеріп, музей сайтына қояды. 5–9 сынып оқушылары «Ойнау» батырмасын басып, тіркелусіз, жеке ойнайды.
🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі7 / 13
6
2-трек

Жасалған цифрлық өнімдер

Шығарманы көркем түрде таныт. Форматты өзің таңдайсың — біреуін белгіле.

Ән жазу

Өлең мәтіні бойынша ән — Suno

Сурет салу

Шығарманың көркем бейнесі

Сториборд

Оқиғаны кадрларға бөлу

Скетчноут

Мазмұнның визуалды конспектісі

Бейнефильм

Қысқа бейнебаян немесе ролик

Суретке жан бітіру

Статикалық суретті қозғалту

Кейіпкерді сөйлету

Кейіпкер атынан монолог

Комикс

Мазмұнды суретті әңгіме етіп

Өз идеям

Басқа формат — өзің ұсын

Көрнекі өнім құралдары
Google Vids
Suno AI
Таңдаған форматым
Қолданған құрал

Не көрсеткім келді? (көрініс, кейіпкер, көңіл күй, идея)

Дайын өнімнің сілтемесі
🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі8 / 13
7
Жаса · тексеру

ЖИ журналы

Мұнда ЖИ не істегенін, ал сен не істегеніңді ашық жазасың. Бұл — жобаңның ең маңызды беті: өз үлесіңді көрсететін жер.

ЖИ не жасадыМен не жасадым

Менің шығармашылық шешімім

ЖИ ұсынған нұсқаның қайсысын қабылдамадым және неге?

Жобадағы толығымен өзімдікі болған бөлік:

Жобаңды таныстырғанда осы бетке сүйен. «ЖИ жасады» деп айту ұят емес — нені өзің шештің, соны айта білу маңызды.

🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі9 / 13
8
Ұсын · 4-қадам

Сынақ және кері байланыс

Жұмысыңды 5–9 сынып оқушыларына көрсет. Олардың реакциясы — жобаңның шынайы сынағы.

Сынақтан өткен сынып
Қатысушы саны
Өткізілген күні

Бақылау нәтижесі

Қай жерде қиналды немесе тоқтап қалды?

Қай жері ең қызық болды?

Түсініксіз болған сұрақ немесе тұс:

Жетілдіру

Кері байланыс негізінде нені өзгерттім?

Жариялау

🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі10 / 13
9
Ұсын · құжат

Жоба паспорты

Бұл бет — жобаңның ресми құжаты. Музей сайтына орналастырғанда осы мәліметтер қоса беріледі.

Жоба атауы
Оқушы
Сыныбы
Шығарма
Автор
Тәрбие бағыты
Анықталған құндылық
Трек
Формат
ЖИ құралы
Мақсатты аудитория
ЖИ не үшін қолданылды
Менің өз үлесім
Пайдаланылған дереккөз
Дайын өнімнің сілтемесі
Жетекшісі
Тапсырылған күні

Дайын өнімнің QR-кодын осы жерге жапсыр

🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі11 / 13
10
Өзіңді бағала

Мен не жасадым?

Менің әрекетім😊🤔💪
Шығарманы таңдап, толық оқыдым
Құндылық пен тәрбие бағытын анықтадым
ЖИ берген деректі тексердім
Трегімді таңдап, мақсатымды нақтыладым
Өнімді толық жасап шықтым
ЖИ журналын адал толтырдым
5–9 сыныпта сынақтан өткіздім
Кері байланыс бойынша жетілдірдім
Жобамды таныстырдым

Рефлексия

Осы жобада мен үшін ең құнды болғаны:

Маған ең қиын тиген кезең:

Келесі жобамда басқаша істейтінім:

🐦Сырбай Мәуленов әдеби музейі12 / 13

Сенің жобаң — музейдің жалғасы

Жұмысыңды ұсын!

Дайын жобаң музей сайтындағы «Оқушы жобалары» бөліміне орналасады. Ертең оны басқа мектептің оқушысы да көреді.

Сканерле → Жобаңды жібер → Сайттан тап

Сайттан тағы не бар

Сырбай туралыМузейСырбайтануОқушы жобалары

«Сырбай Мәуленов әдеби музейі»

Зертте→ Жаса→ Ұсын

ЖИ — дайын өнім емес, шығармашылық құрал. Идеяны, мазмұнды және шешімді сен жасайсың.

Құрастырушы: Б.Б. Байқас · Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей, Астана