Сырбай Мәуленов әдеби музейі
Алақай!Музейде балақай
Сырбайтану — тапсырмалар дәптері
🎒 Бастауыш білім беру деңгейі · 3–4 сынып
Бұл дәптердің иесі
© Авторлық құқық куәлігі № 79904, 20.10.2026
Қонжықтың хаты
Қымбатты дос! Сырбай Мәуленов әдеби музейіне қош келдің! 🐻
Менің атым — Қонжық. Мен музейдегі бойтұмармын. Неліктен? Ақынның руы — аю болғандықтан, мен жанұядағы ең сүйікті ойыншық болдым.
Қазір — жолнұсқаушымын. Саған музей жәдігерлерін таныстырамын. Саған сәттілік тілеймін!
Біздің үш қадам — әр бұрышта осылай жұмыс істейміз
Тап
Жәдігерді витринадан өз көзіңмен тап. Оны мұқият қара.
Таны
Ол не зат? Кімдікі? Не туралы айтады? Ойлан да таны.
Жаз
Білгеніңді дәптерге жаз, сурет сал немесе өлең құрастыр.
Сырда туып, Қырда өстім
Сырбайдың атасы алып адам болған. Сырбай атасы сияқты батыр ақын.
Алмагүл кім?
Таев Мәулен кім?
Күлжамал кім?
«Қостанай қаласының құрметті азаматы» атағы қашан берілген?
Астана қаласындағы көшеге ақын есімі қашан берілген?
Шығармашылық жұмыс
Замандастарының пікіріне сүйеніп, Сырбай ақынға 5 жолды өлең (синквейн) құрастыр.
✍️ Әр жолдағы сұраққа жауап бер: кім? қандай? не істеді?
Соғыстан қайтқан солдаттар
Сырбай ата соғыста болған. Ол Отанын қорғаған батыр ақын.
Бұрышта тұрған орден мен медаль саны қанша?
«За победу над Германией…» медаль нөмірін жаз.
«Двадцать лет победы…» куәлік нөмірін жаз.
«Тридцать лет победы…» медалі қашан берілді?
Шығармашылық жұмыс
«Бейбітшілік» тақырыбында сурет сал. Бауыржан Момышұлының немесе өзге батырдың ерлігін елестет.
Әдебиет майданы
Сырбай ата журналист болған. Ол газетке жазған, кітап шығарған.
«Большевиктік жол» газетінде неше жыл істеді?
Таганрог қаласынан хат жазған кім?
Украина Жоғарғы Кеңесі 1986 жылы 2 қазанда ақынға қандай марапат берді?
Ақын 1949 жылы 28 сәуірде қандай қалаға барды?
Ол қалаға не үшін барды?
Шығармашылық жұмыс
«Жеңіс жыры» тақырыбына тірек сөздерді қолданып, 4 жолды өлең немесе шағын арнау жаз.
Қолтаңбалы кітаптар
Жазушылар Сырбай атаға кітап сыйлаған. Кітапқа қолтаңба жазған.
Неге бұл бөлім «Қолтаңбалы кітаптар» деп аталды?
М. Мағауиннің кітабы қалай аталады?
Сайын Мұратбеков кітабын қашан сыйлаған?
Татар жазушысы кім?
Шығармашылық жұмыс
Шығарма аты бойынша авторларын тауып, тігінен «ҚОЛТАҢБАЛЫ» сөзін шығар.
- 1Мәңгі шырақ
- 2Корьен серләре
- 3Арман жолында
- 4Сұңқар жерді мекендейді
- 5Біз әлі кездесеміз
- 6Бес белес
- 7Саралан малайлары
- 8Қобыз сарыны
- 9Өмірдің өзі дастан
- 10Қыран тауы
| 1 | Қ | |||||||
| 2 | О | |||||||
| 3 | Л | |||||||
| 4 | Т | |||||||
| 5 | А | |||||||
| 6 | Ң | |||||||
| 7 | Б | |||||||
| 8 | А | |||||||
| 9 | Л | |||||||
| 10 | Ы |
Жауабыңды жолмен жаз — бояулы баған тігінен «ҚОЛТАҢБАЛЫ» болып шықсын.
Сыршыл ақын Сырбай
Сырбай ата көп өлең жазған. Оның өлеңдері әдемі әрі жылы.
Бұрышта неше кітап бар?
«Алтын тасқын» кітабы қашан және қайда жарық көрді?
Адамдар ақынды жерге аунатып жатыр. Неге?
Орыс ақыны Е. Евтушенкомен қай жылы кездесті?
Шығармашылық жұмыс
Өлең жолдарындағы түсіп қалған сөздерді тауып, тігінен «КІТАПТАР» сөзін құрастыр.
- 1…… төбеде тұр
- 2Өлеңім …… менің
- 3Күзгі ……
- 4Ақшамның қызыл ……
- 5Жыр ……, сыр сұңқары Сырбай
- 6…… тасқын
- 7Барлаушы ……
- 8…… Мәуленов
| 1 | К | |||||||
| 2 | І | |||||||
| 3 | Т | |||||||
| 4 | А | |||||||
| 5 | П | |||||||
| 6 | Т | |||||||
| 7 | А | |||||||
| 8 | Р |
Жауабыңды жолмен жаз — бояулы баған тігінен «КІТАПТАР» болып шықсын.
Өмірден қалған естеліктер
Мұнда ақынның жеке заттары бар: сағаты, қалпағы, жазу машинкасы.
Жазу машинкасы қалай аталады?
Бес жұлдызды бас киім қалай аталады?
Сағатта кімнің аты жазылған?
Ақынның зиратына ескерткіш-бюст қай қалада орнатылған?
Шығармашылық жұмыс
Бір жеке затты таңдап, ол туралы теңеу сөздерді қатыстырып шағын мәтін құрастыр.
Ақын жайлы мақалалар
Ақынның достары ол туралы жылы сөздер жазған. Оны бәрі жақсы көрген.
Сол жақтағы сөздерді оң жақтағы авторлармен сызық арқылы қос.
Шығармашылық жұмыс
Ата немесе әже жайлы шағын эссе жаз. Оны қалай жақсы көретініңді айт.
Құрметті Сырбай ата!
Құрметпен,
Сырбайтану жұмыстары
Балалар Сырбай ата туралы зерттейді, диплом жеңіп алады.
Бұл бұрышта неше диплом бар?
«Сырбайтану» жұмыс дәптері кімдерге арналған?
«Сырбайтану» оқу бағдарламасы қашан және қайда шықты?
Сырбай Мәуленовтың 95 жылдық мерейтойында өткізілген конференцияның тақырыбын жаз.
Шығармашылық жұмыс
«Сырбай» сөзіне бес жолды өлең (синквейн) құрастыр.
🌳 «Балаларым — менің бұтақтарым» деген жолды басшылыққа ал.
Қабырғалар сөйлейді
Экраннан Сырбай ата туралы бейне көруге болады. QR-кодты сканерле!
Қай бейнені таңдадың? Белгіле:
Бес сұраққа жауабыңды жаз:
Шығармашылық жұмыс
«Мен таныған — Сырбай ата» тақырыбында ойтолғау жаз.
Жарайсың!
Сен музейді араладың.
Сырбай ата туралы көп нәрсе білдің!
💛 Маған ең ұнаған бұрыш
⭐ Келесіде білгім келеді